8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Мектеп түлектері мен талапкерлерге2016 жылғы білім беру гранттарын беру бойынша конкурс

Білім беру гранттарын беру бойынша конкурс

Білім беру гранты - жоғары білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы.

Білім беру гранттарын тағайындау тәртібі - конкурс арқылы жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін талапкер ҰБТ мен ТКТ-дан кемінде 50 балл, ТКТ-дан (ТжКБ) кемінде 35 балл жинақтауы қажет.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырады:

  • белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

  • білімі туралы құжат (түпнұсқа);

  • ҰБТ немесе ТКТ сертификат;

  • 3x4 көлеміндегі екі фотосурет;

  • 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Конкурс нәтижесінде білім грантын алғандарға "білім грантының тағайындалғандығы туралы күәлік" беріледі.

 



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ