8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. ПҚБТ нәтижелері
Мектеп түлектері мен талапкерлергеТКТ қорытындысы бойынша ақпарат

2017 жылғы ТКТ қорытындысы бойынша ақпарат

Кешенді тестілеу республика бойынша 17-23 шілде аралығында 48 жоғары оқу орындарында орналасқан пунктерде өткізілді.

КТ-ға қатысуға өтініш бергендердің саны - 54649 адам, соның ішінде 36276 (66,38 %) қазақ, 18373 (33,62 %) орыс тілінде. Оның ішінде 33853 өтініш жаңа форматтағы тестілеуді (КТ ТжКББ) тапсыру үшін берілді. Тестілеуге жалпы 50416 адам қатысты.

Сонымен қатар, аймақтарға 300 ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері жіберілді, мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар құрылды, медициналық көмек көрсету орындары ұйымдастырылды және тестілеу барысында қауіпсіздік қамтамасыз етілді.

КТ (5 пән) қорытындысы бойынша республика көлемінде орташа балл - 65,69 %, жаңа форматтағы КТ (ТжКББ) (2 пән) бойынша - 26,85 %. 50 балдық шекті деңгейден 12193 (65,64%) адам, жаңа форматтағы КТ (ТжКББ) 35 балдық шекті деңгейден 8885 (27,87%) адам өтті. Жалпы шекті деңгейден 21078 (41,82%) адам өтті.

Кешенді тестілеу барысында тәртіп сақтау ережесін бұзғаны және тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін тестілеуден 215 түсуші шығарылды.

Ағымдағы жылы КТ-де 38830 тыйым салынған зат тәркіленді, соның ішінде 29914 электрондық құрылғылар (смартфондар, роутерлер, модемдер және т.б.) және 8916 қағаз тасымалдағыштар (шпаргалкалар, оқу құралдары және т.б.)

Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған түсушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуіне құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-сі мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.  



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ