KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ТЕСТ ЖОСПАРЫ 28.09.2022

ТЕСТ ЖОСПАРЫ

Бәріміз білетіндей, ҰБТ-ға сапалы дайындықты ұйымдастыру – жақсы нәтиже кепілі.
Бұл мақсатта біз Сіздерге қолдау көрсеткіміз келеді.
Арнайы Сіздер үшін біздің ҰБТ сұрақтарын әзірлеушілер ТЕСТ ЖОСПАРЫН құрастырды.
Бұл жоспар арқылы ҰБТ пәндерінің нақты қай тақырыптары бойынша дайындығыңызды одан әрі жетілдіріп, біліміңізді арттыру керектігін алдын-ала біле аласыздар.
Ақпарат testcenter.kz cайтының «ЖОО-ға түсушілерге» бөлімінде жарияланды.

Айта кетейік, ҰБТ-ға тиімді дайындалу үшін пәндер бойынша тест спецификацияларын, жоспарын және оқулықтарды басшылыққа алу маңызды.
Естеріңізге саламыз, 2023 жылғы ҰБТ-ның спецификациялары және оқулықтар тізімі testcenter.kz cайтында ұсынылған.

/press-tsentr/novosti/detail.php