KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Педагогтердің білімін бағалау 17.04.2024

Педагогтердің білімін бағалау

2024 жылғы 17-20 сәуір аралығында app.testcenter.kz сайтында (сондай-ақ UTO қосымшасында) ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУҒА өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
ПББ-ның өзі 2024 жылғы 18 сәуір-13 мамыр аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге біліктілік санаттарын арттыратын және растайтын педагогтер қатыса алады. Яғни, санаты жоқ үміткерлер (педагог-тағылымдамашы санатын алу үшін) келесі ПББ өткізу кезеңін күту қажет.

Атап өтсек, құзыретті органның шешімі негізінде төтенше жағдай режимі жарияланған өңірлердің (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары) педагогтерін аттестаттаудан өткізу кейінге ауыстырылатын болады.