8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz

Жаңалықтар

Шетелдік жоғары оқу орындарынан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына ауысқан және бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін жоғары оқу орындарына қабылданған студенттердің кешенді тестілеуін өткізуге дайындық туралы

Ұлттық тестілеу орталығы  2017 жылдың 20-24 қаңтар аралығында  шетелдік жоғары оқу орындарынан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына ауысушы және бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін жоғары оқу орындарына қабылданған студенттердің кешенді тестілеуін өткізеді.

Тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен 37 жоғары оқу орындарының базасында өткізіледі.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 5-12 қаңтар аралығында ЖОО-ның қабылдау комиссиялары жүзеге асырады. Ауысушы-студенттердің өтініштері оқуын одан әрі жалғастыруды жоспарлаған ЖОО-да, ал бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін жоғары оқу орындарына қабылданған студенттердің өтініштері оқу орнында қабылданады.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары тестілеу орны, күні мен уақыты көрсетілген рұқсаттама қағазын беруді жүзеге асырады.

Тестілеу төрт пән бойынша өткізіледі, тест тапсырмаларының жалпы саны – 100:

1. Қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі) – 25 тест тапсырмалары;

2. Математика - 25 тест тапсырмалары;

3. Қазақстан тарихы - 25 тест тапсырмалары;

4.Таңдау пәні таңдаған мамандығына байланысты - 25 тест тапсырмалары.

Кешенді тестілеудің талаптарға сай өткізілуін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері бақылайды.

Талапкерлердің емтихан нәтижелері тестілеу болған күні өңделіп, көпшіліктің назарына ұсыну үшін ЖОО-ның ақпарат тақталарына және ҰТО-ның www.testcenter.kz сайтына ілінеді.

Тестілеу нәтижесі бойынша әрбір тестіленушіге барлық пән бойынша жинаған балдары көрсетілген сертификат беріледі. 




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ