8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. ПҚБТ нәтижелері
Біз аймақтардамыз

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК-ның

филиалдары жайлы ақпарат

Ұлттық тестілеу орталығы директорының 2004 жылғы №52 «Ұлттық білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының орталығының филиалдарының ашылуы туралы» бұйрығы негізінде Ұлттық тестілеу орталығы филиалдары қызмет атқарады.

Ұлттық тестілеу орталығының филиалы – өкілдік қызмет атқаратын, орталықтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қазіргі уақытта республика бойынша 154 филиал жұмыс атқарады, оның ішінде:

  • Жоғарғы оқу орны базасында - 44 филиал;

  • Жалпы орта білім беру базасында  - 107 филиал;

  • 3 филиал техникалық және орта кәсіптік білім беру мекемелерінде орналасқан.

Филиалдардың негізгі атқаратын қызметтері:

  • Ұлттық бірыңғай тестілеу, оқу жетістіктерін сырттай бағалау, педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу жайлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

  • Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;

  • Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу (9 сынып);

  • Мемлекеттік аттестаттау кезінде өткізілетін кешенді тестілеуін ұйымдастыру жәнеөткізу;

  • Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және  өткізу;

  • Байқау сынақ кітапшалары мен оқу-әдістемелік құралдарына өтінім беру жұмыстарын жүзеге асыру;

  • Қазтест және Орта білім берудегі тест тапсырмаларын апробациядан өткізу және ұйымдастыру жұмыстарын атқару.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ