8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелері
Оқушылар мен педагогикалық қызметкерлергеОЖСБ онлайн-тестілеуін өткізу

ОЖСБ онлайн-тестілеуін өткізу

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) компьютерлік онлайн-тестілеуі 9 және 11-сыныптарда жүргізіледі.

9-сыныптардағы ОЖСБ 2 пән бойынша тапсырылады. Оның ішінде: қазақ тілі – міндетті пән, екінші пән – жыл сайын уәкілетті орган белгілейтін жалпы  білім беретін пәндердің біреуі. Тест тапсырмасының жалпы саны – 60, тестілеуге жалпы 2 сағат 10 минут уақыт беріледі. 

9-сынып оқушыларға арналған тест тапсырмаларының құрылымы:

  • Қазақ тілі пәнінен – бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тест тапсырмасы;

  • Жалпы білім беру пәні бойынша – 40 тест тапсырмасы.

- 25 тапсырма – берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған тест тапсырмасы, оның ішінде контекстке арналған 5 тест тапсырмасы;

- 15 тапсырма – берілген бірнеше жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған тест тапсырмасы.

9-сынып бойынша максималды балл – 75 балл.

11-сыныптардағы ОЖСБ 3 пән бойынша тапсырылады. Тест тапсырмасының жалпы саны – 80, тестілеуге жалпы 2 сағат 20 минут уақыт беріледі.

11-сынып оқушыларға арналған тест тапсырмаларының құрылымы:

  • 1-ші пән – берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тапсырма;

  • 2-3 пәндер 30 тест тапсырмасынан тұрады, оның ішінде:

- берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған 20 тест тапсырмасы;

- берілген бірнеше жауап нұсқаларынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған 10 тест тапсырмасы.

11-сынып бойынша максималды балл – 100 балл.

Тест тапсырмаларын бағалау:

  • бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – әрбір дұрыс жауап үшін – 1 балл;

  • бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – барлық  дұрыс жауапты анықтаған жағдайда – 2 балл;

  • бір қате жіберілсе – 1 балл;

  • екі немесе одан да көп қате – 0 балл.

Тестілеуді кез келген тест тапсырмасынан бастауға болады. Егер тест тапсырмасына жауап берілмесе немесе жауап берілген тест тапсырмасын түзету қажет болса, тестілеу аяқталмаған жағдайда қайта сол тест тапсырмаларына оралуға болады.

Тестілеу кезінде рұқсат берілмейді:

1. Рұқсатсыз аудиторидан шығуға;

2. Орын ауыстыруға;

3. Анықтамалық әдебиеттер, электронды жазба кітапшалары, калькулятор, ұялы байланыс телефондары мен т.б. коммуникация материалдарын қолдануға болмайды.

Тестілеуді мына сайт арқылы өтуге болады: voudso.testcenter.kz



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ