8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. ҰБТ нәтижелері
Оқушылар мен педагогикалық қызметкерлергеОБ ОЖСБ өткізудің қорытындысы туралы ақпарат

2017 жылы өткізілген ОБ ОЖСБ қорытындысы туралы ақпарат

2017 жылғы орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (одан әрі – ОБ ОЖСБ) 18 – 29 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарының 4, 9 және 11 сыныптарында өткізілді.

ОБ ОЖСБ-ға барлығы 702 мектеп, 101132 оқушы қатысты.

4-сыныптардағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде сұрақ-кітапша мен жауап парағының көмегімен өткізілді.

Тестілеу 2 пән бойынша өткізілді: математика және әдебиеттік оқу.

Қатысқан оқушы саны: 52702 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде – 37645 оқушы, орыс тілінде – 15057 оқушы.  

Республика бойынша орташа балл (мүмкін болған 30 балдан): 19,75 балл, оның ішінде қазақ тілінде - 19,43 балл, орыс тілінде - 20,56 балл.

9-сыныптардағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде сұрақ-кітапша мен жауап парағының көмегімен, сонымен қатар компьютерлерді қолдану арқылы онлайн тәртіпте өткізілді.

Тестілеу 2 пән бойынша өткізілді: қазақ тілі – міндетті пән, екінші пән – жалпы білім беретін пәндердің бірі.

Қатысқан оқушы саны: 37405 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде – 27043 оқушы, орыс тілінде – 10362 оқушы.

Республика бойынша орташа балл (мүмкін болған 75 балдан): 39,43 балл, оның ішінде қазақ тілінде – 39,07 балл, орыс тілінде – 40,36 балл.

11-сыныптардағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде сұрақ-кітапша мен жауап парағының көмегімен, сонымен қатар компьютерлерді қолдану арқылы онлайн тәртіпте өткізілді.

Тестілеу 3 пән бойынша өткізілді: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы.

Қатысқан оқушы саны: 11025 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде – 8099 оқушы, орыс тілінде – 2926 оқушы. 

Республика бойынша орташа балл (мүмкін болған 60 балдан): 45,98 балл, оның ішінде қазақ тілінде – 46,70 балл, орыс тілінде – 43,98 балл.



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ