8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. ПҚБТ нәтижелері
Оқушылар мен педагогикалық қызметкерлергеОрта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОБ ОЖСБ)

Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасына мониторинг түрлерінің бірі болып табылады.

ОЖСБ жүргізудің мақсаты:

  • білім беру қызметтерінің сапасын бағалау;

  • білім алушылардың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау.

ОЖСБ:

  • бастауыш мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу мақсатында іріктеліп;

  • негізгі мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында іріктеліп;

  • жалпы орта мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында мақсатында іріктеліп жүргізіледі.

ОЖСБ оқыту тілінде кешенді тестілеу түрінде өтеді. ОЖСБ жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын айқындайды.

Орта білім беру ұйымдарындағы  ОЖСБ-ны жүргізу үшін тест тапсырмаларының мазмұны  жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламалардың шеңберінен шықпайды. (Тест тапсырмалары бойынша толығырақ мұнда танысуға болады.) («ОБ ОЖСБ-ға дайындық үшін» тармағына сілтеме)

ОЖСБ 4, 9 және 11-сыныптарда өткізіледі:

  • 4-сыныпта қағаз тасымалдағышты қолдана отырып, жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын екі пән бойынша жүргізіледі. Тестілеуге 1 сағат 10 минут (70 минут) уақыт беріледі.

  • 9-сыныпта қағаз тасымалдағышты, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қазақ тілі және басқа жалпы білім беретін пәндердің біреуі бойынша жүргізіледі, оның тізбесі жыл сайын уәкілетті орган айқындайды. Тестілеуге 2 сағат 10 минут (130 минут) уақыт беріледі.

  • 11-сыныпта қағаз тасымалдағышты, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын үш пән бойынша жүргізіледі. Тестілеуге 1 сағат 50 минут (110 минут) уақыт беріледі.

ОЖСБ-ның нәтижелерін өңдеу Ұлттық тестілеу орталығының филиалдарында жүргізіледі.

ОЖСБ нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жеткізіледі.

Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалар



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ