KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Ұлттық біліктілік тестілеу

 

Ұлттық біліктілік тестілеуі – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым әзірлеген тестілер бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындауға бағытталған рәсім.

Ұлттық біліктілік тестілеу екі блокқа бөлінеді және барлығы 100 тест тапсырмасынан тұрады: бірінші блок «Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша 70 тапсырма, екінші блок «Педагогика, оқыту әдістемесі» бойынша 30 тапсырма.

«Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша тест тапсырмалары педагог қызметкерлердің терең академиялық білімін, практикалық икемділігі мен дағдыларын тексеруге бағытталған. Ол үшін 3 түрлі формадағы тапсырмалар қолданады:

1) бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар,

2) бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар,

3) бір дұрыс жауабы бар мәнмәтіндік тапсырмалар.

Тапсырмалар мазмұны мен формаларының әртүрлілігі оқу материалдарын жаттап алу және болжап белгілеу жағдайларын болдырмай, педагог қызметкерлердің нақты білімі мен қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.

Тестілеудің жалпы уақыты – 3 сағат 20 минут (200 минут), ал математика, физика, химия, информатика пәндері үшін – 3 сағат 50 минут (230 минут).

Тест құрылымы

Блок

Тапсырмалар саны

Тапсырманың формасы

Бағалаудың нысаны

Уақыт (минут)

 

 

Оқыту пәнінің мазмұны

70

50

Бір дұрыс жауапты таңдау

Терең академиялық білімі

110

10

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Академиялық білім тұрақтылығы және барынша толық бағалау

20

10 (2 мәнмәтіндік тапсырманың әрқайсысына 5 тапсырмадан)

Бір дұрыс жауабы таңдалатын мәнмәтіндік тапсырмалар

Пәнді академиялық білімге, икемділік пен дағдыларға негізделген практикалық түсінігі жағынан бағалау

20

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

30

Бір дұрыс жауапты таңдау

Базалық пәндер бойынша жалпы академиялық білімі

60

 

 

Балдардың шектік деңгейін анықтау

 

Категориялар

Блок

Пәндер бойынша балдар

Біліктілік сынағынан өту

(пайызы)

Біліктілік сынағынан өту

(балы)

Педагог-модератор

Оқыту пәнінің мазмұны

80

50%

40

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

30%

9

Педагог-сарапшы

Оқыту пәнінің мазмұны

80

60%

48

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

35%

10

Педагог-зерттеуші

Оқыту пәнінің мазмұны

80

65%

52

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

40%

12

Педагог-шебер

Оқыту пәнінің мазмұны

80

70%

56

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

45%

13

 

Бағалау:

Бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.

Бір немесе бірнеше дұрыс жауап нұсқасынан:

- барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл,

- бір қате жіберілген жағдайда - 1 балл,

- екі және одан көп қате жауаптар үшін - 0 балл беріледі.

 

«Педагогика, оқыту әдістемесінің» тақырыптары:

Тақырып

Тақырыпша

1

Тәрбие әдістемесі

1

Тәрбие үдерісінің ұстанымдары. Тәрбие үдерісінің негізгі бағыттары.

2

Тәрбие әдістері

2

Оқыту үдерісі

1

Оқыту үдерісінің ұстанымдары

2

Оқытудың әдістері мен формасы

3

Оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару

1

Сабаққа даярлық, педагогикалық талдау және оқу үдерісінің рефлексиясы

2

Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті

4

Оқыту мен сабақ берудегі жаңа амал тәсілдер

1

Когнитивті даму мен тиімді сабақ беру

2

Қалай оқу керектігін оқыту. Метатаным. Естің түрлері.

3

Сыныптағы диалогтың маңызы. Әңгіме түрлері. Сұрақ қою.

4

Оқытудағы АҚТ. Сабақ беруді жоспарлауда оқыту мен сабақ берудегі жаңа амал тәсілдерді есепке алу.

5

Сыни ойлауға үйрету

1

Сыни ойлауды дамыту

6

Оқу жетістіктерін бағалау

1

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау. Кері байланыс

7

Талантты және дарынды балаларды оқыту

1

Талантты және дарынды балаларды оқытудың стратегиясы, ұстанымдары мен амал тәсілдері

8

Тәжірибені зерттеу

1

Сабақты зерттеу және тәжірибені зерттеудің амал тәсілдері мен стратегиясы

 

«Педагогика, оқыту әдістемесі» блогы бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

1.      «Общая педагогика» в 2-х томах. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н./ Москва: Академия, 2003 г.

2.      «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы және Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп құрастырған «Мұғалімге арналған нұсқаулық» – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017.

3.      «Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық» (оқу-әдістемелік құрал) – О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016.

4.      «Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық» (оқу-әдістемелік құрал) О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017.

5.      «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы және Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп құрастырған «Мұғалімге арналған нұсқаулық» («Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы) – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015.

6.      «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы және Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп құрастырған «Мұғалімге арналған нұсқаулық» («Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы) – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016.

7.      «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы және Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп құрастырған «Мұғалімге арналған нұсқаулық» («Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы) – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016.